Көші-қон

Өзбек Парламентінің төрағасы «Абай-175» челленджін Нығматулиннен қабылдады

Өзбекстанның Олий Мажлисінің Заң шығару палатасының спикері Нурдинжон Исмоилов Абайдың 175 жылдығына арналған челледжге қатысты.

Өзбекстан Парламенті палатасының спикері эстафетаны әріптесі, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннен қабылдады.

«Абай тек ақын ғана емес, ұлы ойшыл да болған. Ол бейбітшілік пен өзара түсіністік жағдайында ғана мемлекеттер арасында қоғамның іргелі күштері: ғылым, озық идеялар, мәдениет дами алады», — деді Олий Мажлистің Заң шығару палатасының спикері.

 

Нұрдинжон Исмоилов Өзбекстанда «Қазақстан жылы» аталып өтіп жатқанда мұндай эстафетаның өткізілуі екі ел арасындағы мәңгілік және шынайы достықтың, мәдени және рухани бірлестіктің белгісі екеніне ерекше назар аударды.

«Біздің бауырлас халықтарымызды ортақ тағдыр мен болашақ байланыстырады», — деді өзбек спикері.

 

Нурдинжон Исмоиловтың айтуынша, Өзбекстанда жыл сайын 10 тамызда ақынның туған күніне орай оның шығармашылығына арналған салтанатты шаралар өтеді. Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінде «Абай және өзбек әдебиеті» тұрақты көрмесі жұмыс істеп, мектеп оқушылары мен студенттер арасында Абай шығармаларын үздік тануға арналған байқаулар өткізіледі.

Олий Мажлистің Заң шығару палатасының спикері Нұрдинжон Исмоилов Абай өлеңінің үзіндісін өзбек тілінде оқығаннан кейін, эстафетаны Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Сатыбалдыға жолдады.

BAQ.KZ
0

UFC-ге бірінші қадам жасалды. Келесі кім?

Алдыңғы ақпарат

Қазақстан Qazaq kuresi-нен Азия чемпионатын 2-орынмен аяқтады

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *