Басты ақпаратҒалымдар мінбесіжаңалықтар

ҚР Президенті Білім саласын дамыту бағдарламасының әзірлену барысымен танысты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды KAZGAZETA.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің қазіргі жұмыстары, негізгі бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берілді.

Асхат Аймағамбетов Білім саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының әзірлену барысы туралы баяндады. Қазақстан Президенті жаңа мемлекеттік бағдарламаның мазмұны мен осы құжатта шешілуге тиісті міндеттер жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Үкіметінің қаулыларымен тағайындау туралы нормативтік құжаттар дайындауды тапсырды.

 

0

«Өзге ұлт өкілдері Қазақстанға жыр арнады»

Алдыңғы ақпарат

Ұлттық кеңес туралы Жарлық шықты (мүшелердің тізімі)

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *