Арнайы жобаларжаңалықтар

FlyArystan рейсі 13 сағатқа бөгелді

Орал-Алматы бағытындағы FlyArystan КС7168 рейсі 13 сағатқа бөгелді, деп хабарлайды kazgazeta.kz  тілшісі.

Әуежайда қалған жолаушыларға тамақ беріліп, қонақжайға орналастырылды. FlyArystan әуе компаниясының хабарлауынша, рейстің бөгелу себебі рейске дайындық кезінде ауаны жіберуді бақылау жүйесін қосымша тексеруге тура келді. FlyArystan-ның басты принциптерінің бірі – қауіпсіздік болғаннан кейін, әуе компаниясының инженерлері бортты толық тексерістен өткізуді жөн көрді.

Бұл процес 13 сағатқа созылды. Қажетті техникалық тексеріс өткізілгеннен кейін әуе кемесі жұмысын ойдағыдай жалғастырды. Рейс кеш ұшады деген хабар келгеннен кейін, әуе компаниясының қызметкерлері, жолаушыларды тасымалдау ережелеріне сай жолаушылардың барлығына су мен жеңіл тағам беріліп, компанияға хабарласқан 50 адам қонақ үйге орналастырылды.

Айта кетейік, кеше FlyArystan әуе компаниясы ұшақ қозғалтқышының істен шығуы туралы ақпаратты теріске шығарғандығы туралы ақпарат тараған болатын.

0

Мәулен Әшімбаев Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Алдыңғы ақпарат

Елордада «Бозоқ» тарихи-мәдени қорығы ашылады

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *