Ғалымдар мінбесіжаңалықтарӨнер өлкесі

Елордада «Бозоқ» тарихи-мәдени қорығы ашылады

Ел астанасында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы ашылады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен нәтижелі кездесу болды. Кездесу барысында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығын дамыту бойынша бірлескен жоспарға қол қойдық. Нысанның жобалық-сметалық құжаттамасын инфрақұрылымдарды жасақтаудан кейін, яғни 2020 жылы әзірлеуді жоспарладық», — деп жазды әкім өзінің ресми Instagram парақшасында.

Жобаның басты мақсаты – «Бозоқ» қалашығын қалпына келтіріп, археологиялық парк құру. Сонымен бірге, әкім туризм саласын дамыту мәселелері бойынша бірқатар жобалардың жоспарланғанын жеткізді.

Айта кетсек, Бозоқ қалашығы Астана қаласының аумағында, Бозоқты өзенінің шығыс жағалауында орналасқан. X-XI ғасырларда Бозоқ аймақтың әкімшілік және сауда орталығы, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы бойындағы қазақ билеушілерінің әскери базасы болған. Былтыр Астана қаласының әкімі болған Бақыт Сұлтанов Бозоқ қалашығының 3D-моделі жасалатынын жариялаған болатын.

 

0

FlyArystan рейсі 13 сағатқа бөгелді

Алдыңғы ақпарат

«Отандастар Қоры» делегациясы Түркияда тұратын қазақ отандастардың өндірістік кәсіпорындарымен танысты

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *