Арнайы жобаларжаңалықтарЖастар тынысы

Арыста 5051 отбасы өз үйлеріне оралды

29 шілдеде құрылысшылар Арыс қаласында қалыпқа келтірілген 2707 баспананы тапсырып, 5051 отбасы өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Таяуда тағы 2344 үйде негізгі қалпқа келтіру жұмыстары аяқталды. Бүгінде 7785 құрылысшы қаланы қалпына келтіруді жалғастыруда. Бір ай ішінде олардың қатары тағы да күн сайын екі жүзге тарта жұмыскермен толықпақ», делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, кең көлемді құрылыс жұмыстарына еліміздің барлық облыстары, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар қатысады. Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарының барысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың тікелей қадағалауында екені айтылған.

 

0

Ерлан Нысанбаев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

Алдыңғы ақпарат

GGG Леффлермен қош айтыса ма?

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *